АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда резидент емес карталар мен шекаралас аймақтарда шығарылған карталарды бақылауды күшейту ұсынылып отыр.
Түзетуді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындады.
Мақсат – есірткінің заңсыз айналымына, қаржы пирамидаларын ұйымдастыруға және онлайн казиноларға ақша аударуға қатысты тәуекелдерді жою.
Банктерге өз клиенттерін мұқият қадағалау ұсынылады:
шекаралас аймақтарда шығарылған төлем карталарын ұстаушылар,
тұруға ықтиярхаты немесе тұрақты тұруға ықтиярхаты жоқ резидент еместер,
әр түрлі банктер шығарған 5 төлем картасының иелері,
ресми кіріс көздері жоқ, бірақ ішкі және трансшекаралық аударымдарды жүзеге асыратын 14 пен 25 жас аралығындағы клиенттер.