Байлыққа салық қалай салынады

Қымбат алкоголь мен қымбат темекі бұйымдары сияқты тауарларға да салық жоғары мөлшерлемемен салынады
Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин байлыққа салық қалай салынатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде министрлік жалпы байлыққа емес, бөлек-бөлек тауарларға сараланған салық салу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Соның ішінде қымбат көліктер, жылжымайтын мүлік және тағы басқа заттар бар.
"Мәселен, жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, онда, жаңылмасам, базалық ставка жылына 3 миллион болады, оған қоса, жалпы құнынан асатын соммадан тағы 2 процент алынады. Сосын көліктің бағасы 70 миллионнан артық болса, жоғары ставка қолданылады", - деді Жұманғарин журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қымбат алкоголь мен қымбат темекі бұйымдары сияқты тауарларға да салық жоғары мөлшерлемемен салынады.
"Байлық салығын жалпы емес, осылай сараланған жүйемен салған дұрыс деп ойлаймыз. Сонда әдістемелік тұрғыда ешкім шатаспайды. Ондай шараларды қолға алғанда нақты түсінік болуы қажет. Онсыз байлық салығы дұрыс салынбауы мүмкін", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Ойын бизнесі миллиардтап салық төлеген