Батыс Қазақстанда 700-ден астам науқасқа тиісті дәрі-дәрмек берілмеген

Прокуратураның қадағалау шаралары негізінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды
Sputnik
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында диспансерлік есептегі азаматтарға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды, деп хабарлады Бас покуратура.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы аудандық аурухана қызметінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамту мәселелеріне талдау жүргізді.
Талдау барысында мұқтаж адамдарды дәрілік препараттармен қамтамасыз етпеу фактілері анықталды.
"Атап айтқанда, түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған 700-ден астам пациент өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай келген", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратураның қадағалау шаралары негізінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, оларды алуға алдын-ала тапсырыс берілді.
Шетелге көшіп кеткен қазақстандықтарға дәрі-дәрмек рәсімделген – аудит нәтижесі