АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Шымкенттегі Асар шағын ауданында екі қабатты дәмхана ғимаратының жертөлесі өртенді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, жоғары температура мен көзге түртсе көрінбейтін қою түтіннен өрттің қай жерден шыққанын анықтау қиын болған.
Алайда өрт сөндірушілер тілсіз жауды дереу оқшаулаған.
Ведомство автомобиль бөлшектері мен майлар сақталған жертөледен шыққан дейді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.