Алматы облысында мешіт жанынан адамның мәйіті табылды

Полиция оқиғаға қатысы бар деген күдіктінің ұсталғанын айтады
Sputnik
АЛМАТЫ, 30 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы мешіттің маңында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, ер адам 29 наурызға қараған түні мешітке таяу маңда қайтыс болған. Полиция оқиғаға қатысы бар деген күдіктінің ұсталғанын айтады.
"Күдіктіні ұстауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, барлық қатысушылары мен куәгерлерінен жауап алынып жатыр. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – дейді ведомство.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында деді тәртіп сақшылары.
Атырауда әйел өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді