АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Жәмилә Бақбергенова 4 дүркін Азия чемпионы атанды. Ол 72 келі салмақта Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында жеңіске жетті.
"Палуан ақтық сында қытайлық қарсыласы Юйци Люге еш мүмкіндік бермей, 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол - мұндай жетістікке жеткен әйелдер арасындағы 3-ші қазақ палуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, отандасымыз күндіз жартылай финалда әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фуруичиді ұтқан. Ал Юйци осыған дейін жасөспірімдер мен жастар арасындағы сары құрлық додасында күміс, қола медаль жеңіп алған.
Осымен әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Команда 1 алтын, 1 қолаға ие болды.