Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаға көмек салық есебінен қаржыландырылмайды - Франция президенті

Сәрсенбі күні Франция басшысы ел Украинаға қосымша екі миллиард еуро әскери көмек беретінін айтты
Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға көмек салық есебінен қаржыландырылмайтынын айтты, деп хабарплады РИА Новости.
Сәрсенбі күні Франция басшысы ел Украинаға қосымша екі миллиард еуро әскери көмек беретінін айтты.
Франция парламентіндегі оңшыл "Ұлттық бірлестік" фракциясының жетекшісі Марин Ле Пен президенттің мәлімдемесіне қатысты X әлеуметтік желісінде пікір білдірді.
"Бүгін, дәл осы уақытта Францияның қарызы: 3 300 миллиард еуро + 2", - деп жазды партия жетекшісі.
Францияның "Патриоттар" партиясының жетекшісі Флориан Филиппо жаңа көмек туралы хабарландыруға қатысты сенбі күні Парижде бейбітшілікті қолдайтын шеру өткізетінін жариялады.
"Жоқ, бұл көмек жасырын немесе қосымша салықтардың есебінен қаржыландырылмайды, бұл қате пікір", - деді Макрон Instagram (Ресейде экстремистік деп тыйым салынған) парақшасында жариялаған видеода.
Оның айтуынша, бұл көмекті қаржыландыру Францияда қабылданған 2024-2030 жылдарға арналған "әскери бағдарламалау туралы" заңмен қарастырылған, оған сәйкес осы кезеңнің соңына қарай әскери ведомствоның бюджеті соңғы 15 жылда екі есеге артады. Макрон сонымен қатар еуропалық қаржыландыру мен "Үлкен жетілік" аясындағы елдердің қаржыландыруына назар аударды.