АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері есірткі саудасына күдіктілерден 1,1 миллиард теңге және 176 мың доллар тапты.
Маңғыстау облысында есірткі саудасына күдіктілерден 1 млрд теңге табылды
Олар қылмыстық істің екі эпизодына қатысы бар деп күдікке ілінген. Есірткі және психотроптық заттарды өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қаңтар айында басталған.
"Облыс прокурорының өкімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеліп жатқан қылмыстық істің екі эпизодына қатысы бар адамдар 28 наурызда қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратура.
Оларға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу ісі жалғасып жатыр.