Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германия Украина энергетикасын қалпына келтіруге 7,27 млн еуро бөлді

Қаражат 2022 жылы қауымдастық аясында құрылған Украина энергетикасын қолдаудың халықаралық қорына аударылады
Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Германияның экономика министрлігі Украинаның энергетикалық қолдау қорына қосымша 7,27 миллион еуро бөлетінін хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Германияның экономика және климатты қорғау министрлігі Еуропалық энергетика қоғамдастығына Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіруге қосымша 7,27 миллион еуро береді", - делінген министрліктің сайтындағы баспасөз хабарламасында.
Қаражат 2022 жылы қауымдастық аясында құрылған Украина энергетикасын қолдаудың халықаралық қорына аударылады.
Германия қордың қызметіне ең көп қаржылай үлес қосып отыр. 2022 жылдан бері Германия қорға 390 миллион еуродан астам қаражат аударды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Мәскеу мен Киев бейбітшілікке қол жеткізгісі келеді деп санайды