Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия Украинаның еуроинтеграциясын қолдамайды - Сийярто

Елдің сыртқы істер министрі бұған Закарпатье венгрлерінің жағдайы себеп екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Закарпатье венгрлерінің құқықтарын бұзу төңірегіндегі мәселе шешілмейінше, Венгрия Украинаның ЕО-ға интеграциялану процесін қолдамайды, деп хабарлады Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто РИА Новостиге берген сұхбатында.
"Біз Закарпатьедегі венгр ұлттық қоғамдастығының құқықтары өрескел бұзылып жатқан шақта Украинаның интеграциясы бойынша ешқандай ілгерілеу болмайтынын анық айттық... Соңғы 10 жылда біз Украинадан көптеген әдемі сөз, көптеген уәде алдық, бірақ олар іс жүзінде орындалмады. Сондықтан бұл мәселе шешілмейінше, біз интеграция бойынша ешқандай жоспарды қолдай алмймыз", - деді Петер Сийярто.
Венгрия СІМ басшысы сонымен қатар Венгрияда халық арасында сауалнама жүргізіліп жатқанын, оның барысында ел азаматтары Украинаның қауымдастыққа қосылуына қатысты өз көзқарастарын білдіре алатынын еске салды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Орбан Украинаны қолдағаны үшін Еуроодақты сынады