ҰҚШҰ Шығыс Еуропада төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады

Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Бүгін ҰҚШҰ Біріккен штабы бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығуға:
ҰҚШҰ Дағдарысқа ден қою орталығының жедел кезекші ауысымы,
Беларусь Қорғаныс министрлігі Басқару пунктінің кезекші ауысымы,
Ресей Ұлттық қорғанысты басқару орталығы,
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері қатысты.
Бірлескен оқу-жаттығу "Шығыс Еуропалық ұжымдық қауіпсіздік аймағында дағдарыстың, төтенше жағдайдың белгілерін (алғышарттарын) анықтау кезінде кезекші ауысымдардың іс-қимыл тәртібі" тақырыбына арналды.
Жаттығу барысында кезекші ауысымдар, атап айтқанда, мемлекеттік шекараны бұзушылар анықталған кезде және диверсиялық-барлау топтарын жою барысында іс-қимылдарды пысықтады.
"Бұдан бөлек бірыңғай ақпараттық кеңістікте Беларусь пен Ресейдің Төтенше жағдайлар министрліктерінің кезекші ауысымдарымен бірлесіп химиялық қауіпті объектідегі террористік актіге ден қою мәселелері пысықталды", - делінген хабарламада.
Дағдарысқа ден қою орталығының бастығы генерал-майор Арсен Рахманов барлық мәселе ойдағыдай пысықталғанын, кезекші ауысымдардың сенімді әрекет еткенін атап өтті.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңістің 80 жылдығы ҰҚШҰ үшін басымдыққа айналады