Су тасқынының алдын алу аясында 50-ге жуық іс-шара жүзеге асырылды - министрлік

Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді
Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.
"Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сондай-ақ "Алва" лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Абай облысында 45 елді мекенді су басу қаупі бар