Фото

Көктемнің хабаршысы қай құс - фото

Sputnik
Күнтізбеде көктем келгенімен, қыс біразға дейін қаһарынан қайтпады. Наурыз айының соңғы апталарында ғана қар еріп, күннің көзі жарқырап, жылына бастады. Тіршілік атаулысы көктем келгенін сезініп, құстар сыбырлап ерекше қуанғандай.
Күн жылынды, жер оянды, айнала құлпырды деген ізгі хабарды бізге алғашқы болып жеткізетін де құстар! Қыста жылы жаққа ұшып кеткен олар көктемнің алғашқы белгісіндей елге қайта оралады.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі құстардың тамаша суреттерін ұсынамыз!
1 / 9

Шие ағашының арасындағы құс, Қытай.

2 / 9

Қара сирақ жидектер арасында, Ирландия.

3 / 9

Аққулар, Моңғолия, Қытай.

4 / 9

Ұя салған дегелек, Германия.

5 / 9

Кливдон көліндегі суқұзғын, Ұлыбритания.

6 / 9

Көлдегі көкқұтан, Германия.

7 / 9

Маньяс құстар қорығының ұлттық саябағындағы таңшымшық, Түркия.

8 / 9

Шабдалы ағаштарынан шырын жинаған құс, Қытай.

9 / 9

Осакадағы сакура бұтақтарының арасындағы ақ көз, Жапония.