Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. 7,7 балдық дүмпу Нейпьидо мен Янгонда да сезілген. Бангкокта да жер сілкінді.
Суретте: Бангкоктағы жер сілкінісі кезінде ғимараттың құлауы.
Бангкоктың Чатучак ауданында салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлады, Таиланд билігі көпқабатты үйлерде эвакуация жариялады.
Ғимараттар мен қонақүйлерден эвакуацияланған мыңдаған адамдар көшеде қалды.
Суретте: Бангкоктағы ғимарат құлаған жерден құтқарушылар зардап шеккен адамды шығарып жатыр.
Дүмпулердің қатты болғаны соншалық, бассейндерден су сыртқа төгілген.
Суретте: Бангкоктағы ғимарат құлаған жер.
30 қабатты ғимарат опырылып құлады, көптеген адам үйінділердің астында қалды. Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, ол жерде 43 жұмысшы болған.
Суретте: Бангкоктағы ғимарат құлаған жердегі адамдар.
Bangkok Post хабарлауынша, Таиландтың солтүстігіндегі жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 болды.
Суретте: тай құтқарушылары Бангкок қаласы Чатучак ауданында ғимарат құлаған жерге келді.
Таиланд астанасында метро жұмысын тоқтатты, әуежайлар да жұмысын уақытша тоқтатқан. Адамдар көпқабатты үйлерден эвакуацияланды.
Суретте: ғимарат құлаған жердегі құтқарушылар.
Жердің дүмпуі басқа көрші елдерде де сезілген: Бангладеш, Үндістан, Лаос және Қытай.
Суретте: Таиландтың Бангкок қаласында жер сілкінісі салдарынан құлаған көпқабатты ғимараттың орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.