АЛМАТЫ, 28 наурыз - Sputnik. Астанадағы Есіл ауданында 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өрт сөндірушілер 50 адамды эвакуациялады. Тілсіз жау электр сымдарының түйықталуынан шыққан дейді құтқарушылар.
"Өрттен 9 адам, оның ішінде 2 баланы құтқарылды. 50 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланды. Өрт жедел сөндірілді", - дейді қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір баланың жағдайы ауыр дейді.
"Өрттен үш бала ауруханаға жеткізілді. 15 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Жасөспірім жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал 10 және 11 жастағы балалар күрделі соматика бөлімшесіне жатқызылды. Балалардың жағдайы тұрақты. Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - дейді ведомство.