Жыл басынан бері 2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды
Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. 2025 жылы 2 185 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 150 мыңнан астам этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан Қазақстанға:
Қытайдан - 46,4%;
Өзбекстаннан - 41%;
Түрікменстаннан - 7,1%;
Ресейден - 1,9%;
Моңғолиядан - 1,6%;
басқа елдерден келді - 2%.
1 наурыздағы жағдай бойынша:
еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар - 60,8%;
кәмелетке толмағандар - 30,8%;
зейнеткерлер - 8,4%.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олар - Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 389 қандас қоныс аударды.

"Осы өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде қаражат беріледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті азаматтарға тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша көмек қарастырылған.
Қазақстан аймақтары 2025 жылы қанша қандас қабылдайды