Степногорскіде алаяқтар зейнеткердің 4 млн теңгесін алып кеткен

Полиция күдіктілерді қолға түсіріп, зейнеткердің ақшасын қайтарып берді
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Ақмола облысы Сетпногорск қаласында алаяқтар зейнеткер әйелді алдап, 4 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлады Polisia.kz.
Зейнеткердің жасы – 89-да. Оқиға 19 наурызда болған.
"Күдікті зейнеткердің телефонына қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Оған немересі жол апатына түскенін, 18 000 доллар берсе қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтқан", - дейді ведомство.
Ал тағы бір алаяқ немересі болып әжейге хабарласып, ақшаны беруді өтінген. Зейнеткер әйел алаяқтарға 8000 АҚШ доллары мен 100 мың теңгесін пакетке салып, таксиден алаяқ айтқан мекен-жайға жіберген. Ал такси жүргізушісі қылмыстық іс болып жатқанын білмей, пакетті Көкшетауда курьерге тапсырған.
Полиция күдіктілерді қолға түсіріп, зейнеткердің ақшасын қайтарып берді.
Түркістан облысында алаяқ тұрғындарды 92 млн теңгеге алдаған