АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Павлодарда бизнес серіктесін өлтірген күдікті жедел іздестіру шаралары барысында Ресей Федерацияның Красноярск өлкесінде ұсталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Биылғы жылдың ақпан айында Павлодардағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйіті табылған болатын.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Ресей елінен Қазақстанға экстрадициялау үшін шаралар қабылдауда", - делінген хабарламада.
Жасаған қылмысы үшін айыпталушыға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.