АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі мен бірнеше қару тәркіленді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Биыл жыл басынан бері 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіленді.
"Бұл қарудың едәуір бөлігі "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған. Жалпы 2022 жылдан бастап дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркіленді", - дейді ведомстводағылар.
Сонымен қатар Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде.
"Көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолы кесіліп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азамат ұсталды", - дейді комитеттегілер.
Қару-жарақ көліктің қаптамасына жасырылып, Қазақстандағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген.