Жеңістің 80 жылдығы

Тоқаев "Жеңіске 80 жыл" медалі туралы жарлыққа қол қойды

Ұлы Отан соғысының барлық ардагері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған медальмен марапатталады
Sputnik
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Биылғы айтулы датаға орай елдегі барлық ардагер арнайы медальмен марапатталады.
Мемлекет басшысы "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" бірыңғай мерекелік медалі туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Аталған Жарлыққа сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де адамдар "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" бірыңғай мерекелік медалімен наградталады, - деп жазылған хабарламада.