Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді
Sputnik
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. 2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"Сапар барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.
Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.
Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Қазақстанға келді