АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Еурокомиссияның бас директораты "Ресей мәселесін дұрыс көрсету" үшін жетекші еуропалық БАҚ-ты басқаруды көздеп отыр, деп хабарлады Ресейдің сыртқы барлау қызметі. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Бас директорат жетекші еуропалық БАҚ-ты басқару арқылы "Ресей мәселесін дұрыс көрсетуді" қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жақында Брюссельде өткен брифингте оларға еуропалық қоғамды "қара аспан төнген жылдардың" аяқталуына белсендірек дайындау және "белді беке буу" қажеттілігі тапсырылды", - деп келтірілген хабарламада сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин сөзі.
Сыртқы барлау қызметі ЕО билігі халықты Ресей Федерациясынан қауіп төніп тұрғанына, оның алдын алу тек Ресей мемлекеттілігін жою арқылы ғана мүмкін болатынына сендіруді қалайтынын хабарлады.