АСТАНА, 26 наурыз - Sputnik. Ақтөбе облысында полиция қызметкері табельдік қарудан досын атып алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамаған.
"Ол табельдік қарудан оқ атқан, салдарынан әріптесі жарақат алды. Қылмыстық Кодекстің 371-бабы "Салғырттық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді облыстық полициядағылар.
Оқ атқан полицей қызметінен шеттетілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған адамның емделіп жатқанын айтты.
"Науқастың жағдайы тұрақты, стационарда ем алып жатыр. Қабылдау кезінде алғашқы хирургиялық ем жасалды", - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.