АСТАНА, 25 наурыз - Sputnik. Елге қайтарылған қаражат есебінен Ақмола облысында жаңа он медициналық нысан салынады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Ақмола облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Дәрігерлік амбулаториялар салынатын ауылдар:
Аршалы ауданы Арнасай ауылы,
Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылы,
Жарқайың ауданы Пятигорское ауылы,
Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылы.
Сондай-ақ:
Жақсы ауданы Киров ауылында,
Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,
Бұланды ауданы Партизанка ауылында,
Бұланды ауданы Алтынды ауылында,
Шортанды ауданы Пригородное ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктте бой көтереді.
Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.