АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының кеңсесі ресейлік журналистердің өлтірілуін айыптап, "мұқият тексерілгенін қалайтындарын" мәлімдеді.
Арнайы әскери операция аумағында Украина қарулы күштерінің оқ жаудыруы салдарынан ресейлік журналистер қаза тапты. Олардың арасында "Известия" тілшісі Александр Федорчак, "Звезда" телеарнасының операторы және жүргізушісі Андрей Панов пен Александр Сиркели бар. Соққы HIMARS зымыран жүйесі арқылы жасалған.
Сондай-ақ "Звезда" тілшісі Никита Голдин ауыр жарақат алды, ал Курск шекарасында ТАСС журналисі Михаил Скуратов та жараланды.
Мария Захарованың айтуынша, мұндай шабуылдардың саны Украина билігі Ресей әскеріне ұрыс даласында тойтарыс бере алмағандықтан өсіп жатыр.