Үстіне қора құлап кеткен: Солтүстік Қазақстанда жеткіншек көз жұмды

Жедел жәрдем
Трагедия болған сәтте баланың әкесі қасында жүрген
Sputnik
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылында 12 жастағы баланың үстіне қораның қабырғасы құлап кетті, деп хабарлады облыстық полиция депатаменті.
Жазатайым оқиға 21 наурыз күні сағат 19:35 шамасында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқиға болған сәтте баланың әкесі қасында жүрген.
"Қайрат ауылындағы жеке үйдің ауласында қораның қабырғасы құлап, 12 жастағы баланы басып қалған. Бала алған жарақатынан сол жерде көз жұмды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Өңірлер
Шымкентте кішкентай бала үйдің жанындағы бассейнге құлады