АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өзендердегі су тасқыны жағдайын бақылау үшін дрондар іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Дрондардың көмегімен нақты уақыттағы су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. 8 дрон жұмылдырылды, олар су тасқынына бейім негізгі нүктелерді бақылайды.
"Дрондар автоматты қайта зарядтау жүйесімен, тепловизорлармен жабдықталған. Бұл оларға кез келген жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - дейді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Оның айтуынша дрондар су деңгейінің өзгеруі және ықтимал қауіптер туралы деректерді әуеден жылдам жібереді, бұл қызметтерге тез әрекет етуге және жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
"Дрондарды пайдаланудың арқасында су тасқынын болжау дәлдігі артып, өңір тұрғындары үшін ықтимал салдарлар барынша азайтылуда", - деп жазды әкім әлеуметтік желіде.