АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. ЕАЭО-да жүк және жолаушылар тасымалы айтарлықтай өсті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Биыл қаңтарда өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда одаққа қатысушы елдердің жолаушыларды тасымалдау бойынша ұлттық көрсеткіштері өсті. ЕАЭО бойынша жалпы айналым жиынтығы 4,5%, дейді комиссия.
Атап айтқанда:
Қазақстан - 15%;
Қырғызстан - 9,7%;
Беларусь - 8,5%;
Ресей - 2,6%.
Жүк тасымалы да айтарлықтай өскен:
Қазақстан - 13,8%;
Қырғызстан - 10,6%;
Армения - 4,5%;
Ресей - 1,1%.
Жалпы ЕАЭО бойынша көрсеткіш 2,1% артты.