АСТАНА, 23 наурыз– Sputnik. Қазақстандық гимнастар Антальядағы (Түркия) Әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,634 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Айта кетері, бұл гимнаст Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты.
Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды.
Үшінші орынға Ахмад Абу Әл Сауд (Иордания) – 14,200 ұпаймен тұрақтады.