АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Ресей басшысы Владимир Путин мен оның америкалық әріптесі Дональд Трамптың кездесуі алдағы айларда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
"Олар алдағы бірнеше айдың ішінде кездеседі деп ойлаймын", - деді ол американдық журналист Такер Карлсонға.
Уиткофф кездесуде Ресей президенті туралы оң әсер алғанын мойындап, Путин америкалық өкілді қабылдау арқылы "мейірімділік" көрсеткенін айтты.
Шенеунік Трамптың басшылығымен АҚШ Ресеймен келіссөздерде "үлкен" прогреске қол жеткізе алғанын атап өтті.