Алматыда бес мыңнан астам адам Абай әндерін орындады

Бұл іс-шара Қазақстанның Рекордтар кітабына енуі мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамы және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Алматыда ұлы ойшыл және ақынның шығармалары ең ауқыиды хормен орындалады.
Абай даңғылы бойында Абай атындағы алаңнан бастап Назарбаев даңғылына дейін 5000-нан астам адам жиналды.
Олардың қатарында танымал солистер, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артистері, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары болды.
Хор ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" және "Айттым сәлем, Қаламқас" шығармаларын қосылып шырқады.
Бұл іс-шара Қазақстанның Рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Бұған дейін 1 және 22 наурызда Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде Nauryz Almaty Vibe фестивалі өтетіні хабарланған болатын.
Бұл шарада қала тұрғындары мен қонақтарын роботтар мен виртуалды аватарлар қарсы алады.
Алматыда Nauryz Almaty Vibe фестивалі өтіп жатыр