АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Наурыз мейрамымен Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кремль таратқан ақпаратқа сәйкес, Путин өзінің құттықтау хатында екі жақты стратегиялық әріптестіктің ары қарай сәтті дами беретініне сенім білдіріп, осынау мерекелік күнде барлығына игі тілегін жолдайтынын жазды.
Сондай-ақ, Ресей басшысы Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан мен Иран басшыларын да Наурыз мейрамымен құттықтады.