Хитроудағы өрт: Air Astana рейс шегерілгенін хабарлады

Рейс 21 наурыздан 22 наурызға шегерілді
Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз - Sputnik. Әуе компаниясы Лондоннан және Лондонға ұшатын жолаушылар назарына хабарландыру жариялады.
"Air Astana әуекомпаниясы Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағыттарындағы KC663/664 рейстер 21 наурыздан 22 наурызға шегерілгенін хабарлайды. Рейстің кешіктірілуіне электр подстанциясындағы өрт салдарынан Хитроу әуежайында электр құрылғыларының істен шығуы себеп болды", - деп жазылған хабарламада.
Рейс статусын әуе компания сайтында тексеріп отыруға болады.
Қазақстан мен Грузия әуе қатынасы: тікелей рейстер саны аптасына 20-ға дейін артады