Астанадан Мекке мен Мәдинаға алғашқы тікелей рейс ашылды

Бұл қажылыққа баратындар үшін жаңа мүмкіндіктер
Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Астанадан Мекке мен Мәдинаға алғашқы тікелей рейс ашылады, деп хабарлады елорда әуежайы.
Рейстерді "Air Astana" жүзеге асырады, ұшу уақыты 6-7 сағатты құрайды.
"Бұл қажылыққа баратындар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – қоғамымыз үшін маңызды оқиға және рухани парызды өтеуге мүмкіндік. Құрметті жолаушылар, Рамазан айы мүбәрәк болсын және сапарларыңыз сәтті және қауіпсіз болсын! Дұғаларыңыз қабыл болып, әрбір сапарыңыз тек қуаныш пен рухани байлық әкелсін!", - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Бір айта кетерлігі, тікелей рейс қасиетті Рамазан айында іске қосылды. Бүгін бір топ жолаушы елордалық туристік компаниялардың бірі арқылы киелі жерлерге аттанды.
Қазақстан мен Грузия әуе қатынасы: тікелей рейстер саны аптасына 20-ға дейін артады