Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйел Әзербайжанда ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырған Қазақстан азаматы Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

"Күдікті әйел 2023 жылы Алматы қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды", - делінген хабарламада.

Күдікті Баку қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
100 млн теңгеге кәсіпкерді сан соқтырған алаяқ Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды