Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп: Украина бойынша келісімге қол жеткізуге болады деген сенімдемін

Sputnik
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина басшысы Владимир Зеленскиймен келіссөзін "өте жақсы" деп атап, "қантөгісті тоқтату" үшін келісімге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
"Екі телефон қоңырауы да өте жақсы өтті, мен қантөгісті тоқтату үшін келісімге қол жеткізілетініне шынымен сенемін", - деді Трамп Breitbart порталына берген сұхбатында.
Сейсенбіде Трамп Мәскеу мен Киевтің келіссөз ұстанымдарын жақындату мақсатында Зеленскиймен бір сағатқа жуық сөйлескенін және оған Путинмен арадағы әңгіменің қорытындысы туралы жеткізгенін айтты.
Ресей мен АҚШ президенттері сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесті. Ресей басшысы қақтығыс тараптарының энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуылды 30 күнге тоқтату идеясын қолдады және әскерилерге тиісті бұйрық берді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Зеленскиймен сөйлесті