АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясын шақырды, деп хабарлады Ақорда.
Cессия 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда құрылған президент жанындағы консультативті-кеңесші орган. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтауға айтулы үлес қосып келеді.