Фото

Мәскеу сән апталығы қалай өтті – фото

Ресей астанасында сән индустриясының маңызды әрі жарқын оқиғаларының бірі - Мәскеу сән апталығы өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған дизайнерлер көпшілікке өздерінің жаңа коллекцияларын ұсынды. Маусымның негізгі трендтері қандай болады - фотолардан қараңыз.
Sputnik
1 / 12

Мәскеу сән апталығында тек ресейлік дизайнерлер ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Африка, Қытай, Армения, Индонезия, Түркия, Тәжікстан, Үндістан және басқа да алыс-жақын елдердің сәнгерлері өз коллекцияларын ұсынды.

Суретте: Бизнес және дизайн институтының (B&D) киім көрсетілімі.

2 / 12

Бұл Ресей астанасында өтіп жатқан төртінші сән апталығы және сәнді іс-шара дәстүрге айналуға дайын сияқты.

Суретте: Sergey sysoev fashion school брендінің киім көрсетілімі.

3 / 12

Жаңа коллекцияларда ерекше көзге түскен трикотаж матадан тігілген киімдер болды. Олар биыл қайта сәнге айналды.

Суретте: Бизнес және дизайн институтының (B&D) киім көрсетілімі.

4 / 12

Табиғилық пен жеңілдік те трендте. Жылтырақ, мінсіздік кейде жалықтырып жібереді.

Суретте: Бизнес және дизайн институтының (B&D) киім көрсетілімі.

5 / 12

Этникалық стильдегі кешкі көйлектер көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.

Суретте: Дағыстан республикасының жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының (ASLP) киім көрсетілімі.

6 / 12

Жарқын және есте қаларлық "ортағасырлық" көйлектердегі модельдердің дефилесі болды. Кринолиндер, корсеттер, шілтерлер қай уақытта да өзекті. Мұндай сән үлгілерімен қыздар ұлы суретшілердің туындысындағы кейіпкерлердей.

Суретте: Sergey sysoev fashion school брендінің киім көрсетілімі.

7 / 12

Талғампаз, классикалық кешкі көйлектер де сәнді коллекцияларда лайықты орын алды.

Суретте: Miguel Llopis (Испания) брендінің киім көрсетілімі.

8 / 12

Мәскеу Сән апталығында алғаш рет өз туындыларын ұсынған дизайнерлер де болды.

Суретте: Дағыстан республикасының жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының (ASLP) киім көрсетілімі.

9 / 12

Мәскеу Сән апталығына көптеген жұлдызды қонақтар келді.

Суретте: Sergey sysoev fashion school брендінің киім көрсетілімі.

10 / 12

Мәскеу сән апталығы 13-18 наурыз аралығында өтті.

Фото: Дағыстан республикасының жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының (ASLP) киім көрсетілімі.

11 / 12

Төртінші Мәскеу сән апталығындағы бизнес және дизайн институтының (B&D) киім көрсетілімі.

12 / 12

Дағыстан республикасының жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының (ASLP) киім көрсетілімі.