Израиль президенті Қазақстанға келеді

Сапар осы бір жыл ішінде болады деп жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Израиль президенті Ицхак Герцог бір жыл ішінде Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Израиль тарапының бастамасымен Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Герцог республикаға өз сапарын талқылады.
"Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады", - деп хабарлады Ақорда.
Сондай-ақ Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады.
Қазақстан мен АҚШ-тың тауар айналымы 4 млрд доллардан асты – Тоқаев