АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 229 млрд теңгеге жеңілдетілген несие берілді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Кең дала" бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарына жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыру әлі де жалғасуда.
"Бүгінгі таңда 4377 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден жалпы сомасы 356,6 млрд теңгеге өтінімдер қабылданды. 3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 229,2 млрд теңге көлемінде несие берілді", - дейді ведомстводағылар.
Жалпы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін қаржы бағытталады, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылады.