Атырауда жетім балаларды баспана кезегіне қоймаған

Заң бұзғандардың ішінде әкімдік қызметкерлері мен тәртіп сақшылары бар
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Атырау қаласының прокуратурасы 200-ден астам кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғады, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Атырау қаласы прокурорларының тексерісі нәтижесінде 24 қызметкер жауапкершілікке тартылды.
"Заң бұзғандардың ішінде әкімдік қызметкерлері мен тәртіп сақшылары бар. Мысалы, полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандарға қатысты заңды қорғаушысы қасында болмаса да, әкімшілік хаттама толтырғаны анықталды", - дейді ведомство.
Прокурорлар наразылығының арқасында 197 хаттаманың күші жойылды.
Сондай-ақ Атырауда мүгедек бүлдіршіндерге жәрдемақы төленбегені анықталды. Жетімдердің де құқығы тапталған. Олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспана кезегіне қойылмаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде үш бала үй кезегіне тұрғызылып, жеті мүгедек балаға жәрдемақы төленген.
Жетім балаларды тәлімгерлікке алуға болады – құжат президентке жіберілді