7 жыл үйден шықпаған: халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Ол ірі мөлшерде ұрлық жасаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Ақмола облысында полицейлер Қазақстанда 7 жыл бойы жасырынып жүрген 56 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресейлік азамат 10 жылға жуық жасырынып жүрген. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол алаяқтықтың сегіз эпизоды және ірі мөлшерде ұрлық жасады деп айыпталған. 2015 жылы ол емделіп жатқанын айтып, Красноярскідегі сот отырысына келмеген.

"2018 жылы ер адам шекарадан заңсыз өтіп, Ақкөлдегі туыстарының үйіне тұрақтаған. Тұрақты жұмысы болмаған. Күдікті жасырынып үйден де шықпаған", - дейді ведомстводағылар.

Полиция оны "Құқықтық тәртіп" жедел іс-шарасы кезінде тапқан. Тәртіп сақшылары оның құжаты да болмағанын айтады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Полиция екі айда іздеуде жүрген 311 адамды ұстады