Қазақстанға Пржевальский жылқылары әкелінеді

Қазақстанда Пржевальский жылқысын көбейту мүмкіндігі туды
Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Қазақстанға Венгриядан Пржевальский жылқылары әкелінеді.
Венгрия ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Иштван Наги қазақстандық делегациямен кездесуде Хортобадь ұлттық саябағында Пржевальскийдің 300-ге жуық жылқысы барын айтты. Ұзаққа созылған процесс нәтижесінде бір кездері қазақ даласында жайылған жылқы түрін қайта өсіруге мүмкіндік туды.

"Бұл жылқылар Қазақстан даласында бұрын болған, бірақ қазіргі уақытта тек Венгрияда бар. Біз сіздерге жылқының осы түрін әкелеміз, олар қазақ даласында жайылып көбейсін. Экономикалық және азық-түлік себептерінен басқа бұл қадам жылқылардың осы түрі үшін қандай да бір ауру болған жағдайда қауіпсіздік мәселелерін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің екі ел арасындағы ынтымақтастық осындай кішкентай, бірақ өте маңызды сәттерден тұрады", — деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр жазда Қазақстанға Прага және Берлин хайуанаттар бағынан Пржевальскийдің жеті жылқысы әкелінді. Бұл жылқылар кезінде қазақ даласында кең тараған, бірақ 19 ғасырдың ортасында адамдардың іс-әрекеті салдарынан жойылып кеткен.
Елде жылқы тұқымының жаңа түрі пайда болады