АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Астанадағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде арыстанның күшігі табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды қосалқы бөлмеде заңсыз ұстаған.
Қазіргі таңда абдан тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі.
Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.