Жамбыл облысында инфекция жұқтырған 10 бала ауруханаға түсті

9 балада ішек инфекциясы, 1 балада энтеровирусты инфекция анықталды
Sputnik
АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Жамбыл облысы, Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 10 бала түскен. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ауруханаға түскен балалар - Меркідегі "Нұрай" мектепке дейінгі білім беру орталығының тәрбиеленушілері.

"Балалардың тоғызында ішек, біреуінде энтеровирустық инфекция анықталған. Орталықтың жұмысы 2 күнге тоқтатылды. Қазір дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Жамбыл облысы әкімдігі.

​​Қазіргі кезде 1 жасөспірім жансақтау бөлімінде, жағдайы бірқалыпты.
Аурудың неден шыққаны анықталып жатыр. Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Маңғыстау облысында балабақшада бүлдіршіндер жаппай уланып қалды