Тоқаев Путин мен Трамптың Украина бойынша келіссөзінің қорытындысын құптады

Токаев выступил на Национальном Курултае
Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram каналында хабарлады.
"Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды", - деп жазды ол.
Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша "Бейбітшілік формуласын" әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.
Президент США Дональд Трамп пожимает руку президенту России Владимиру Путину в конце пресс-конференции после их встречи в Президентском дворце в Хельсинки, Финляндия, 16 июля 2018 года. (Фото AP/Александр Земляниченко, архив)
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин энергетикалық нысандарға соққы беруді 30 күнге тоқтатты