Қазақстан мен Жапония арасындағы үкіметаралық комиссия отырысын Астанада өткізу ұсынылды

Қазақстан сыртқы істер министрі Жапонияға ресми сапармен барды
Sputnik
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияға ресми сапары барысында елдің бірқатар ведомство басшыларымен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Ёшимаса Хаяши келіссөздер барысында екіжақты саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Көлік және логистика, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
"Жапония – уақыт сынынан өткен сенімді досымыз әрі стратегиялық серіктесіміз. Қазақстан Жапониямен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейілді, бұл екі елдің ұлттық мүдделеріне толық сай келеді", – деді Мұрат Нұртілеу.
Экономика, сауда және индустрия министрі Йоджи Мутомен келіссөз Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларына арналды. М.Нұртілеу инвестициялық және ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ декарбонизация саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша елеулі әлеуеттің бар екенін айтты.
Тараптар сирек кездесетін металдар, көлік және логистика, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту салаларындағы өзара ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытты. Осы тұрғыда Қазақстан мен Жапонияның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық және жеке секторлар арасындағы бірлескен комиссиясының үйлестіруші рөлінің маңыздылығы айтылып, оның кезекті отырысын биыл Астанада өткізу ұсынылды.
Термез халықаралық сауда орталығында Қазақстан павильоны ашылды