АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп екі сағатқа жуық телефон арқылы сөйлесті.
"Ресейлік дереккөз әңгіме өте жақсы өткенін айтты", - деп хабарлады CNN.
Америка әкімшілігі жақын арада Путин мен Трамптың келіссөз нәтижесі туралы мәлімдеме жариялауға уәде берді.
Бұған дейін Кремль өкілі Дмитрий Песков мемлекет басшыларының әңгімесі Мәскеу уақытымен 16:00-ден 18:00-ге дейін болатынын хабарлады. Оның айтуынша, күн тәртібіне екіжақты қарым-қатынасты қалыпқа келтіру, Украинадағы қақтығысты реттеу мәселелері енгізілген.
Соңғы рет екі ел басшылары 12 ақпанда сөйлесті, келіссөздер бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған. Олар Украинадағы жағдайды талқылап, жеке кездесуді ұйымдастыру мәселесі бойынша байланысты жалғастыруға келісті.