АСТАНА, 16 наурыз– Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, қақтығыс тараптарына энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы беруден 30 күнге өзара бас тарту туралы ұсыныс жасады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
"Владимир Путин бұл бастаманы қолдады және дереу Ресей әскерилеріне тиісті команда берді", - делінген Кремльдің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Сұхбаттасушылар Украина төңірегіндегі жағдай бойынша егжей-тегжейлі және ашық пікір алмасқан.
"АҚШ президентінің атысты 30 күнге тоқтату туралы бастамасы аясында ресейлік тарап бірқатар маңызды сәтті атап өтті", - делінген хабарламада.
Оларға мыналар жатады:
ұрыс қимылдарының бүкіл желісі бойынша ықтимал атысты тоқтатуға тиімді бақылау жасау,
Украинадағы мәжбүрлеп мобилизациялауды тоқтату,
Украина қарулы күштерін қайта қаруландыруды тоқтату.
Владимир Путин 19 наурызда ресейлік және украиналық тараптар арасында 175 тұтқынға 175 тұтқын айырбасталатынын хабарлады. Сонымен қатар Ресейдің медициналық мекемелерінде емделіп жатқан ауыр жараланған 23 украиналық әскери қызметші қайтарылады.
Лидерлер Украинадағы қақтығысты екіжақты режимде реттеуге қол жеткізу үшін күш салуды жалғастыру ниетін растады. Осы мақсатта ресейлік және америкалық сараптамалық топтар құрылады.