АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Астанадағы жоғарғы оқу орындарының бірінде студенттер мен ата-аналарды алдаған экс-қызметкер сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
"Айыпталушы түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істеген. Ол студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім мәселесін, грантқа ауыстыру мен стипендияны қайтару шаруаларын бір жақты қылатынына сендірген", - дейді ведомстводағылар.
2023-2024 жылдары айыпталушы алаяқтық жолмен 3 млн теңгеден астам қаржыны иемденген. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен.
Мемлекеттік айыптаушы экс-қызметкердің кінәсін толық дәлелдеп, жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелді. Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.